Тоқаев Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша ерекше тапсырма берді

Қараша 15, 2023 - 11:21
Қараша 17, 2023 - 07:15
Тоқаев Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша ерекше тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовпен, Бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен, сондай-ақ басқа да салалық ведомстволардың басшыларымен кездесіп, консультациялар өткізді, деп хабарлайды sadaqmedia.

"Мемлекет басшысы заңның сақталуына, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға қатысты мәселелерге баса мән берді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс. Қазіргі қалыптасқан жағдай көшедегі мәдениетсіздіктен бастап төбелес, ұрлық, кісі өлтіруге дейінгі құқықбұзушылықтың барлық түріне ымырасыз қарсы тұруды талап етеді”, - деп жазады Ақорда. 

“Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсету фактілерінің батыл түрде жолын кесу керек” деген Тоқаев Салтанат Нүкенованың ісі бойынша ерекше тапсырма берді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаны ерекше бақылауға алуды тапсырды”, - деп хабарлайды Ақорда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow