Қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр хәлде – Ажар Ғиният

Қараша 28, 2023 - 09:53
Желтоқсан 1, 2023 - 15:27
Қызылшамен ауырған 30 баланың жағдайы ауыр хәлде – Ажар Ғиният
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр, оның ішінде 15 бала әлі бір жасқа толмаған бүлдіршіндер. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.

Ажар Ғиният атап өткендей, қазір елімізде 14 мың 400 бала қызылша жұқтырып, ауырып жатыр. Олардың басым бөлігі, яғни, 80 % вакцина алмаған балалар. 

«Республикада 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған, оның ішінде 14465 бала бар. Осы балалардың 83%-ы вакцинация алмаған. Бұл ретте, балалардың 60% ата-аналарының бас тартуына байланысты егілмеген, қалған балалар егу жасына жетпегендер не медициналық қарсы көрсетілімдері бар», - деп хабарлады Ғиният.

Статистикаға сүйенсек, қазір Шымкент қаласында (3 016),  Алматы қаласында (2 653), Жамбыл облысында (2 370) ауру асқынып тұр. 

«Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, стационарлық емделуде 2375 бала бар. Емдеуге жатқандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 1 жасқа толмаған 15 бала бар», - деп хабарлады Ажар Ғиният.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow