Қазақстандықтар ақылы жолмен жүргені үшін 11 айда 26,5 млрд теңге төлеген
2023 жылдың 11 айында ақылы трассаға шыққан қазақстандықтардан 26 млрд 500 млн теңге қаражат жиналған. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
Оның айтуынша, жыл сайын елдегі жолдарды күтіп ұстау үшін 60 млрд теңге керек. Бұл қаражаттың барлығын республикалық бюджеттен алмау үшін кезең-кезеңімен ақылы жолдардың санын көбейту жоспарланып отыр. Қазір еліміз бойынша 3,2 мың шақырым жолда ақылы терминал орнатылған.
«11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы, 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жетеді», - деді Қарабаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?