Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсенді қамауға алынды

Ол сот шешімін орындалмаған.

Тамыз 14, 2024 - 09:02
Тамыз 14, 2024 - 09:04
Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсенді қамауға алынды
фото: әлеуметтік желіден

13 тамызда Ақтөбе соты белсенді Еркебұлан Құлбасовты қамауға алу туралы қаулы шығарды. Утильалымға қарсылық танытумен аты шыққан белсендіге сот шешімін орындамады деген айып тағылды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

«Ақтөбе соты 12 тамызда Еркебұлан Құлбасовты 5 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі қаулы шығарды. Оған сот шешімін орындамады, банк алдындағы берешегін өтемеді деген айып тағылды. 9 тамызда Ақтөбе тұрғыны Е.Қ. Кулбасовқа қатысты сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды.

Е.Құлбасов қаржы ұйымының талап-арызы бойынша 4 млн теңгеден астам сомада кредит бойынша берешекті өндіріп алу туралы сот шешімін орындамаған. Ол 2021 жылы несие алып, ай сайынғы төлемді төлемеген», - деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері. 

Айта кетейік, Еркебұлан Құлбасов утильалымға қарсылығымен танылған белсенділердің бірі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow