Қашан арзан көлік мінеміз? 

Sadaqmedia.kz ақпараттық порталының «Biz» подкастында танымал автобелсенділер Еркебұлан Құлбасов пен Данияр Мәкешев қонақта болды.

Мамыр 24, 2024 - 10:39
Мамыр 24, 2024 - 10:41
Қашан арзан көлік мінеміз? 

Sadaqmedia.kz ақпараттық порталының «Biz» подкастында қонақта болған танымал автобелсенді Еркебұлан Құлбасов Қазақстан автопаркінің «жасы» 20-24 жылға кетіп қалғанын айтады.

«Нақты сандарға сүйенсек, 2016 жылға дейін Қазақстан автопаркінің «жасы» 10-15 жыл аралығында еді, кейін автопаркті жаңартамыз деп, утиль мен «первичканы» енгізді, нәтижесінде автопарк жасы 20-24 жылға кетіп қалды», - дейді. 

Қытай көліктерінің қаптауы утиль мен «первичканы» шеше ме?

«Қазір біз кім-көрінгеннен көмек іздейтін жағдайға келдік. Қытайдың автопромы келсін, Өзбекстанның Ravon-ы келіп шешсін, не болса да мәселе оң шешімін тауып, қазақ жақсы өмір сүріп кетсе, елге керегі осы ғана. Қытай көліктері кіріп жатыр, сапасы қандай болары әлі белгісіз, себебі ол он, жиырма жылдан соң белгілі болатын жайт. Бағасы, дизайны, технологиясы халыққа сай жасалған. Бірақ, бізде екі түрлі стандарт қой. «Hyundai» маркаларын шығарып отырып, утиль мен «первичканың» лоббисті болып отырады да, екінші жағынан қытай көліктерін кіргізеді. Бұл жерде кім лоббист, кім лоббист емес екенін түсінбей қалдық», - дейді автобелсенді.

Еркебұлан Құлбасов қалай дегенмен де, көлікті халықты қанап сатқаннан гөрі, ынталандырып сатқан дұрыс деген пікірде. 

«Отандық өнімді қашанда қолдаймыз, өссін, көркейсін. Ол жерде қазақ инженерлері жұмыс істесін. Нағыз қазақы модель шығаратын азаматтар сол жерден шықсын.  Мүмкін қазақтың арасында да бір Энцо Феррари жүрген шығар. Бірақ көлікті халықты қанап, қалтасынан жұлып алып сатқаннан гөрі, ынталандырып сатқан жөн. Біз өткенде  Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «қазақстандық авокөліктерді алдымен екінші деңгейлі банктерден қорғаңыздар, халыққа қолжетімді қылыңыздар, халықта таңдау болсын», деп ұсындық. Біз осы уақытқа дейін сайлауда да  қарық болып таңдау жасағанымыз шамалы, енді құрығанда көлікті өзіміз таңдайық та», - дейді Еркебұлан Құлбасов.

Үкіметтің алғашқы тіркеу салық жарнасын түбегейлі жоюға күші жете ме?! Автоиндустрияға шырмауықша жабысқан лоббистер жол апатында шейіт кеткен азаматтардың үйіндегі балалардың көз жасы жібере ме?!

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow