«Тоқтату керек». Смайылов елдегі қызылша дертіне қатысты пікір білдірді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда қызылша дертінің таралуын ауыздықтамаса, балаларға аса қауіп төнетінін айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.
Бүгін үкімет отырысында Смайылов денсаулық сақтау министрі мен облыс әкімдеріне тиісті тапсырма берді. «Аурудың таралуын тоқтату керек» деген премьер жұқпалы ауруды тек вакцина егу арқылы ғана жеңуге болады деген пікірін айтты.
«Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып, күресуіміз қажет. Вакцина алудан басқа, мұндай қауіпті вируспен басқаша күресу мүмкін емес. Сондықтан, екпе алуды күшейту қажет», - деді Смайылов.
Осыған байланысты премьер-министр әкімдерге вакцинал мәселесін жеке бақылауға алуды тапсырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?