QAZBILIM GROUP компаниясы ең үздік ұстазға пәтер сыйлады

QAZBILIM білім беру орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

Наурыз 26, 2024 - 12:39
Наурыз 26, 2024 - 13:05
QAZBILIM GROUP компаниясы ең үздік ұстазға пәтер сыйлады

Белгілі ұстаз Аятжан Ахметжанұлының бастамасымен өмірген келген QAZBILIM білім беру орталығы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шара «Ұлттық мектеп моделі: тәрбиеден білімге» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталды. Алматы қаласындағы Qazbilim ұлттық лицейі ғимаратында өткен конференцияға педагогтер, ата-аналар және білім беру саласындағы сарапшылар, және білім беру саласындағы қоғам қайраткерлері қатысты.

Конференцияда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан “Педагогикалық Ғылымдар Академиясы” қоғамдық бірлестігі президенті Асқарбек Қабыкенұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Самал Дәрібайұлы, Ұлытау облысы білім басқармасы басшысы Сафура Сейдуалиқызы,
Астана қ. Қаныш Сәтбаев атындағы BINOM мектеп-лицейі директоры Құралай Амангелдіқызы, PhD, әдебиеттанушы Бекарыс Нұриман, Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған орта мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқын Сәленұлы, “QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы, PhD химик Аятжан Ахметжан қатарлы білім жанашырлары баяндама жасап сөз сөйледі.

Ұлттық мектептегі тәрбие және балаларды оқыту, ұлттық дәстүрлер негізінде білім беруді дамыту, балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім беру сапасын бақылау және арттыру мәселелері талқыланған конференция аяғы алатау дәстүрлі өнер театрында жалғасын тауып. Әр қаладан келген Qazbilim ұлттық лицейі оқушыларының дайындаған «QAZBILIM басқан он қадам» мерекелік концерт бағдарламасымен жалғасты.

Концерт ортасында “QAZBILIM GROUP” компаниясының басқарма төрағасы Аятжан Ахметжанұлы Qazbilim ұлттық лицейі мұғалімдерінің мәртебесін арттыру, олардын касіби біліктілігі мен кәсіби өсуін қолдау және көтермелеу мақсатында қырыққа жуық ұстаздарға ақшалай сыйлықтар мен қатар Qazbilim жобаларына 10 жылдық медальмен марапаттады.


Айтулы шараға ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса да қытысып елдің болашағы үшін мұғалім мамандығының қан­­шалықты маңызды рөл атқа­ратындығын тілге тиек етіп Аятжан Ахметжанұлына алтын медаль тақты. Сонмен қатар, Qazbilim жобаларының 10 жылдығының үздік ұстазы Qazbilim Atyrau ұлттық лицейінің математика пәнінің мұғалімі Руслан Торехановқа “QAZBILIM GROUP” компания ұсынған бір бөлмелі пәтердің серфикатын табыстады.

Соңында жиналған қауымға ауыз ашар беріліп, мерекелік дастархан жайылды.

«Мен кеше Алматыда өткен ұлан-асыр жиынды Аятжан Ахметжан құрған QAZBILIM.KZ командасының Қазақстанды "Отаным" деп санайтын барлық азаматтарға Қазақстандық білім моделін жасау туралы ұран тастауы деп түсіндім», - дейді белгілі ұстаз Өмір Шыныбекұлы.

Оның айтуынша, елімізде білім берудің Ұлттық моделін қалыптастыратын кез жетті.

«Егемендік алғанымызға 33 жылға аяқ басты... Білім берудің Ұлттық (Қазақстандық) моделін қалыптастыратын кез жетті. 
Бұл істе әзірге жеке-жеке әрекет жасап жүрген Аятжан, Нұрмұхамед немесе артында БиАйГрупп секілді алпауыт компаниялар тұрған мектептер жүйесінің энтузиазмы аздық етеді. 
Даму үшін бәсекелестік қажет болғанымен, оның, көлеңкелі тұстары да жоқ емес..

Сондықтан, Мәжіліс қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізіп білім беру бизнесін өзге бизнестен бөліп қарастыруға қол жеткізу керек..
Мемлекет білім берудің кәсіпкерлік пайдасынан гөрі, идеологиялық әсеріне басымдық беруі тиіс..

Адамзат баласының бәрі бірдей десек те, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар..

20 жылдан аса аралас мектепте істейтін адам ретінде көз жеткізгенім қазақ балаларының ең басты қасиеттері - өзін сыйлата алған ересек адамды сыйлай алады. 
Егер мешіт жағалап жүрген балалар көп болса, олар өздері үшін беделді (авторитет) адамды мектептен емес, мешіттен тапты деген сөз. 
Мұның арты өте қауіпті екенін менсіз де білесіздер.

Екінші бір қасиеті - қазақ балалары өте қабілетті. Ал қабілеттілік дегеніміз сиясорғыш қағаз секілді жақсыны да, жаманды да бойына тез сіңіру..

Оның үстіне, қазақ халқы көшпеліліктен 1920-30 жылдары кеткенімен, сана отырықшылыққа жеткен жоқ. Сонымен қатар, педагог кадрларды дайындау жүйесі де өзгерістерді талап етеді7

Сондықтан, Қазақстандық білім беру жолын іздегенде міндетті түрде педагог, психолог, әлеуметтанушы, этнолог, тарихшы және т.б. ғалымдар атсалысу керек...

"Көш жүре түзеледі", кем-кетікті іс барысында түзей береміз, проблемалар пайда болғанда шешіп кете береміз деуге болмайды. 
Ғылыми негізсіз энтузиазммен алысқа бару қиын. Ал Аятжан Ахметжан бастады... "Таяқ жерге тасталды"...», - дейді Өмір Шыныбекұлы. 

QAZBILIM жобалары бүгінде
•    Qazbilim ақпараттық агенттігі
•    Республикалық Qazbilim орталығы
•    Qazbilim баспасы
•    Qazbilim ұлттық білім беру қоры
•    Qazbilim ұлттық лицейі
•    Qazbilim online секілді алты бағытта жұмыс істейді.

Бүгінде Qazbilim жобаларында 420-дан аса қызметкер еңбек етіп, 2500-ден аса оқушы білім алып жатыр.  2022 жылы мамыр айында жоба жаңа деңгейге көтеріліп, бүгінгі ең үлкен бағытының бірі  Qazbilim ұлттық лицейлер желісінің жұмысын бастады. Алғаш болып сол жылы тамызда Атырау, Ақтау, Қостанай қалаларында ұлттық лицей оқыту ісіне кірісті.
Qazbilim жобаларының негізін қалаушы, жетекшісі PhD химия, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, шебер педагог Аятжан Ахметжанұлы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow