Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі атанды

Қараша 23, 2023 - 12:13
Қараша 27, 2023 - 15:57
Қазақстан Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі атанды
Сурет: ҚР СІМ

Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Бұл туралы бүгін әлеуметтік желіде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді. 

«Парижден жағымды жаңалық жетті. ЮНЕСКО Бас конференциясы жұмысының соңғы күні Қазақстан 2023-2027 жылдарға Дүниежүзілік мұралар комитетінің мүшесі болып сайланды. Құрамына 21 мемлекет кіретін Дүниежүзілік мұралар комитеті ─ ЮНЕСКО-ның аса маңызды әрі беделді басқарушы органы. Бұл комитеттің нысандарды Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге және алып тастауға айрықша құқығы бар», — деп жазды ол.  

Мемлекеттік кеңесшінің дерегінше, Қазақстанның кандидатурасын 118 мемлекет қолдаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow