Малави вице-президенті мінген ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушы қаза тапты
Бұған дейін Малави қорғаныс күштерінің ұшағы 10 маусымда таңертең Лилонгве астанасынан шыққаннан кейін радардан жоғалып кеткені белгілі болды.
Малави вице-президенті Саулос Чилима мінген ұшақ апатқа ұшырап, жолаушылар түгелдей қаза тапты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ел Президенті Лазарус Чаквераның айтуынша, сарбаздар Чикангава орманында іздеу жұмыстарын жүргізді. Салдарынан ұшақ толығымен жойылып, тірі қалғандар қалмаған.
Лазарус Чаквера қайтыс болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Бұған дейін Малави қорғаныс күштерінің ұшағы 10 маусымда таңертең Лилонгве астанасынан шыққаннан кейін радардан жоғалып кеткені белгілі болды. Ол елдің солтүстігіндегі Мзузу халықаралық әуежайына жергілікті уақыт бойынша 10.00-де қонуы тиіс еді. Әуе кемесінде елдің бұрынғы бірінші ханым Шанил Джимбири де болған.
Саулос Чилиме 51 жаста, 2014 жылдан бері елдің вице-президенті. Оның артында екі баласы қалды.
Малави 1964 британдық колония болған Оңтүстік шығыс Африкадағы ел.
Сіздің реакцияңыз қандай?