Иран президенті бүгін жерленеді

Елде уақытша президент тағайындалып, Иран билігі бес күндік аза тұту жарияланды

Мамыр 21, 2024 - 10:00
Мамыр 21, 2024 - 10:01
Иран президенті бүгін жерленеді

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті бүгін жерленеді. Елде уақытша президент тағайындалып, Иран билігі бес күндік аза тұту жарияланды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Иран басшысы Ибраһим Раиси соңғы рет Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Олар Аракс өзенінің шекарасында орналасқан Гыз-қала бөгетін ашуға барған еді Үйіне қайтып келе жатқанда тікұшағы апатқа ұшырады.

Иран президенті отырған тікұшақтың апатқа ұшырауына «техникалық ақау» себеп болған. Сарапшылар құлаған америкалық Bell 212 тікұшағына 40 жыл болғаны айтып жатыр.
Тікұшақтың ішінде Раиси, аятолла али-Хашем, имам Джума-Табриза, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир-Абдоллахян, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малик Рахмат және тағы бірнеше лауазымды тұлға болған.

Президент Раисиді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі Табриз қаласында өтеді.

Кейбір дерек көздері жерлеу рәсіміне шет ел басшылары шақыртылмағаны жазып жатыр. Unian агенттігінің мәлімеінше, Иран тарапы ұшақ апатын тергеуге ресейлік барлау қызметтерін тартпауды сұраған. Сондай-ақ, жерлеу рәсіміне Ресей президенті Путиннің шақырылмағаны белгілі болды.

«Олардың дәстүрлері жерлеуге халықаралық қатысуды қарастырмайды», - деді Ресей билеушісі Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген түсініктемесінде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow