Тоқаев Минск пен Бакуге барады

Қараша 21, 2023 - 12:54
Қараша 21, 2023 - 16:48
Тоқаев Минск пен Бакуге барады
Фото: Ақорда

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады, деп хабарлайды sadaqmedia.

Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланғандай, Минск сапарынан кейін президент Әзірбайжан еліне ұшады.

«Ал 24 қараша күні мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады», - деп хабарлады Ақорда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow