Қазақстанда Илон Масктің интернетіне қосылу заңсыз – Бағдат Мусин

Қараша 21, 2023 - 13:13
Қазақстанда Илон Масктің интернетіне қосылу заңсыз – Бағдат Мусин
Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда Starlink интернетін қосу мәселесі әлі заңмен реттелген жоқ, сондықтан, ел аумағында бұл жүйенің жұмыс істеуі заңсыз. Бұл туралы бүгін үкімет отырысынан кейінгі брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.

Анықтама: Starlink дегеніміз – америкалық инженер әрі кәсіпкер әлі миллиардер Илон Маскке тиесілі SpaceX компаниясының 2015 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан жобасы. Спутниктік жүйе шалғай орналасқан елдімекендерге интернет таратуға мүмкіндік береді.

«Келесі жылы осы желіге қатысты жағдайды заңмен реттейміз деген жоспар бар. Нақты қай уақытта екенін айта алмаймын, өйткені, заңнама мәселесі мәжіліске байланысты. Алдымен жүйенің жұмыс істеу моделін анықтаймыз, сол модельмен мәжіліске келеміз, пікірталас болады. Келесі жылдың соңына дейін жағдайды заңмен реттейтініміз анық. Қазір Қазақстанда ілкі жоба ретінде Starlink компаниясымен бірге 10 мектепті спутникті интернетке қосқамыз. Тағы екі мың мектеп жоспарда тұр. Алайда, осы жүйені пайдаланудан заңмен шектеулер бар», - деді Мусин.

Дегенмен, Мусиннің айтуынша, қазір Қазақстан ғана емес, өзге елдер де бұл желіге қатысты заңдарын әлі реттемеген.

«Өйткені, Starlink – бұл байланыстың жаңа технологиясы,  үш жыл бұрын пайда болды», - дейді Мусин.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow