Бергей Рысқалиев неге ұсталмай жүр: Бас прокуратура түсінік берді

Ақпан 28, 2024 - 16:20
Ақпан 28, 2024 - 16:21
Бергей Рысқалиев неге ұсталмай жүр: Бас прокуратура түсінік берді

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен фотосы жарияланды. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің неге ұсталмай жатқанына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан Әсет Шындалиевке «Атырау облысының экс-әкімі Бергей Рысқалиев неге Лондонда арқаны кеңге жайып, бренд дүкендердің жанында фотоға түсіп жүр? Бас прокуратура оны іздестіріп жатыр ма?» – деген сұрақ қойылды.

Бас прокурордың орынбасары құзырлы органдардың келісімі болмаса, жұмыс істей алмайтынын жеткізді.

Оған сырттай шығарылған сот үкімі бар. Өкінішке қарай, қателеспесем бізде Лондонмен сотталғандар беру және алмасу туралы келісім жоқ. Біздің құқық қорғау органдары тиісті келісім болмаса, ештеңе істей алмайды, - деп түсіндірді ол.

Айта кету керек, 2013 жылдың 5 ақпанында Атырау облысы және Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған Бергей Рысқалиевке іздеу жарияланған болатын. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow