Роман Скляр жаңа лауазымды қызметке тағайындалды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы жаңа құрылым – Ұлттық инвестициялық қызмет орталығын басқаратын болды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құру. 2. Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы негізінде жүзеге асырады», - делінген Үкіметтің өкімінде.
Бекітілген регламент бойынша орталық қызметіне жалпы басшылықты премьер-министрдің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Бұл лауазымды қазір Роман Скляр атқарады.
Сіздің реакцияңыз қандай?