Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көшпенділер» киносындағы қамалды арзанға сатқан болуы мүмкін – Антикор

Қараша 15, 2023 - 14:14
Қараша 17, 2023 - 07:15
Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көшпенділер» киносындағы қамалды арзанға сатқан болуы мүмкін – Антикор
Іле өзенінің жағасындағы

Бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Көшпенділер» фильміндегі қамалды өзімен байланысты компанияға 44 есе арзанға сатқан деген күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia. 

«2017 жылы қамал өзінің құнынан (қамалды тұрғызуға кеткен ақшадан - агенттік) 44 есеге арзанға сатылған. Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияға сатылған. Қазір бұл іске Мұхамедиұлының қатысы бар ма, жоқ па, анықталып жатыр», - деді бүгін брифингте Тілеукенов.

Антикордың мәліметінше, қазір ол бекінім Алматы облысындағы Іле өзенінің бойында тұр. Ал, ашық дереккөздерді зерттей келе біз бұл қамал қазір бизнес көзіне айналғанын байқадық. Мәселен, Қазақстан бойынша әртүрлі турлар ұсынатын Оtkryvai.kz сайты Іле өзенінің бойындағы бұл қамалды турдың бір түріне қосқан. "Іле өзені, Көшпенділер қамалы, Тамғалы Тас" атты джип-турдың бағдарламасын алған азаматтар осы қамалды барып, көре алады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow