Ұлымды әскерге өзім жетектеп апарамын - Қорғаныс министрі
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бүгін журналистердің сұрағына жауап бере отырып, баласын әскерге өзі жетектеп апаратынын айтты, деп хабарлайды sadaqmedia.
Айта кетейік, Қазақстан әскеріндегі әлімжеттік фактілеріне байланысты журналистер мен қоғам өкілдері "шенеуніктердің, соның ішінде, қорғаныс министрінің балалары әскерге бара ма?" деген мәселе көтеріп жүргендеріне біраз болды.
Бүгін Руслан Жақсылықовқа да журналистер осы сұрақты қойды.
"Қазір менің ұлым жиырма жаста. Студент. Оқуын аяқтаған соң оны қолынан жетектеп тұрып әскерге өзім апарамын", - деді Жақсылықов.
Қорғаныс министрі әскерде әлімжеттік жоқ дегенге сенеді. Әскерде тек ерлер арасындағы конфлитк бар дейді ол.
"Әлімжеттік деген қазір жоқ, сарбаздар тек бір жыл ғана борышын өтейді. Әскерде тұлғалар арасындағы конфликт мәселесі бар. Бұл - еркектер арасындағы конфликт",-дейді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?