Алматы прокурорлары пандусы жоқ 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салды
Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп-шығуына жағдай жасамағыны үшін 13 банкке айыппұл салды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Прокурорлармен кездескен кезде мүгедектер қоғамының өкілдері қаладағы екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде кіріп-шығуға жағдай жасалмағанын айтқан. Осыны негізге ала отырып Алматы қаласының прокурорлары тексеру жүргізген.
“Прокурорлар банктердің бірде-бір бөлімшесі қойылған талаптарға сәйкес еместігін анықтады, яғни пандус, мнемосхема, арнайы касса не талапқа сай емес, не мүлде жоқ болып шықтық. Ал, Алматыда мүмкіндігі шектеулі 50 мыңнан астам адам тұрады”, - деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Заңнаманы бұзғаны үшін 13 банкке 9 млн теңге айыппұл салынған. Қазір 8 банк прокурорлардың ұйғарымын орындап, бөлімшелерінің кіреберістерін жөндеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?