«Шыжыған шілдеде ат зорығып өлмесін»: Ақсуатта 135 шақырымдық аламан бәйге өткелі жатыр

Маусым 20, 2024 - 14:51
Маусым 20, 2024 - 15:09
«Шыжыған шілдеде ат зорығып өлмесін»: Ақсуатта 135 шақырымдық аламан бәйге өткелі жатыр

21 шілде күні Абай облысы, Ақсуат ауданында  135 шақырымдық аламан бәйге өткелі жатыр. Ұымдастырушылардың айтуынша, бәйге Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатын көздейді. 

"Бәйге – қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрлі ұлттық құндылығы. Жалпы бәйге – ұлттық бәсеке. Өйткені жүйрік ат шыққан жердің абыройы артады. Демек жүйрік ат дегеніміз – көшпелі қауымның, елдің беделін көтеретін ұғым, түсінік және символ. Жүйрік атты табу, баптау деген секілді ғылыми негіздер қазақта ежелден қалыптасқан. 135 шақырымдық аламан бәйгенің басты мақсаты да сол - қазақтың атбегілік өнерін дамыту болып отыр. Қазіргі таңда қазақтың ұзақ жүріске шыдамды қазанаттарын һәм Алаштың атқа мығым отыратын, шымыр шабандоздарын анықтау мақсатында өткізілетін бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен мегаполистерінен 100 ден аса сәйгүліктер қатысады деп күтілуде. 135 шақырымдық аламан бәйгенің жеңімпазына шетелдік автокөлік сыйға беріледі. Сондай-ақ үздік жетілікке кірген қатысушыларға да қомақты қаржылай сыйлық үлестіріледі",- дейді жарысты ұйымдастырушы Аян Сембаев.

Сондай-ақ, осы күні 25 шақырымдық аламан бәйге мен 15 шақырымдық топ бәйге өтеді. Бұл қашықтықта да оза шапқандар темір тұлпарды тізгіндейді. 
Аталған бәйге жыл сайын дәстүрлі түрде толықтай жалғасатын, халыққа рух сыйлап, мерейін өсіретін «Асыл бесік – Ақсуат» өнер және спорт фестивалі аясында өтпек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow