48 сағат ішінде Газа секторындағы байланыс толық жойылуы мүмкін
Газа секторындағы гуманитарлық жағдай сағат сайын нашарлап барады, деп хабарлайды sadaqmedia euronews-ке сілтеме жасай отырып.
Дереккөзге сүйенсек, алдағы 48 сағат ішінде Газа секторымен байланыс толық үзіліп қалу қауіпі бар. Секторда толауссыз жауған жаңбыр жағдайды қиындатып жіберген.
Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлағандай, жергілікті байланыс станцияларындағы қосымша қуат таусылып барады. Соған байланысты алдағы 48 сағат ішінде Газа секторы толықтай байланыссыз қалуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?