Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда 13-15 тамыздағы ауа райы солтүстік атлантикалық циклонға байланысты болады.
Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, деп болжайды синоптиктер.
- 13 тамызда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, 14-16 тамызда батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді.
Қазақстанның оңтүстігінде және шығысында күндіз +35+38°C қатты ыстық күтіледі, термометр +18+26°C-тан +22+33°C-қа дейін ауытқиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Сіздің реакцияңыз қандай?