Армения ҰҚШҰ-дан шығады – Пашинян
Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) шығады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян парламент отырысында мәлімдеді.
"Мұның бәріне одақтың құрушылары, Әзірбайжанмен бірге бізге қарсы соғыс жоспарлаған мүшелері кінәлі", – деді Пашинян.
Армения ҰҚШҰ-ға қарамастан НАТО-мен ынтымақтастығын нығайтуда
Бұл сөздерге жауап ретінде оппозициялық депутаттардың бірі: "Олай болса, одақтан шығып кетіңіз" деп ескерту жасады.
"Біз шығамыз, мені қорқытып жатырсыз ба? Біз қашан шығатынымызды шешіп жатырмыз", – деді Армения премьер-министрі.
Сіздің реакцияңыз қандай?