Астанада балаларды қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау басталды

Қараша 8, 2023 - 11:49
Қараша 10, 2023 - 00:42
Астанада балаларды қызылшаға қарсы қосымша вакцинациялау басталды

Астанада жасы 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация салу басталды, деп хабарлайды sadaqmedia.

“Екпе алу үшін қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханаға бару керек. Балаларды қосымша жаппай иммундау үшін егу кабинеттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді”,- деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Дереккөзге сүйенсек, Астанада қызылша жүқтырғандардың саны көбейген. Олардың көбі - балалар.

“Вакцинамен басқарылатын қызылша инфекциясының таралуы екпе алмаған балалардың көбеюіне байланысты болып отыр.  Мұның себебі ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы, негізсіз медициналық шеттетулер, егілу мерзімін кейінге қалдыру. Қызылша инфекциясынан қорғалмағандар – 6 айдан 11 айға дейінгі кішкентай балалар. Бұл жастағы балаларды омырау сүтімен берілетін аналық иммунитет қорғамайды және дәл осы балалар екпе жасына әлі жетпеген. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады”,-деп жазған сайт.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow