“Росатом” Қазақстан үшін АЭС жобасын әзірлеуге дайын - Путин

Қараша 8, 2023 - 11:38
Қараша 10, 2023 - 00:16
“Росатом” Қазақстан үшін АЭС жобасын әзірлеуге дайын - Путин

Ресей Федерациясы Қазақстанға атом электр станциясының жобасын әзірлеп беруге дайын. Бұл туралы “Казахстанская правда” басылымына сұхбат берген Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.

“Бәріміз білетіндей, Қазақстан Республикасының басшылығы өз аумағында атом электр станциясын салуды қарастырып отыр. Егер бұл жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылданса, “Росатом” корпорациясы ең озық технологияларды пайдалана отырып, экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын ескере отырып, тиісті жоба әзірлеп беруге дайын”,-деді өз сұхбатында Путин.

Айта кетейік, ертең, 9 қараша күні Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин келеді. Осы шараның қарсаңында Тоқаев ресейлік басылымға, ал, Путин Қазақстанның мемлекеттік газетіне сұхбат берген.

“Известия” газетіне сұхбат берген Тоқаев  Ресейдің бұл көмек туралы ұсынысына ризашылығын білдіретінін айтқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow