3 жылда үкімет 17,4 млрд теңге бөлген 83 фильмнің тек 18-і экранға шыққан

Қараша 8, 2023 - 13:55
Қараша 8, 2023 - 14:56
3 жылда үкімет 17,4 млрд теңге бөлген 83 фильмнің тек 18-і экранға шыққан
Нұргүл Тау

2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен 17,4 млрд теңге бөлініп, оған 83 фильм түсірілген. Оның ішінде тек 18 фильм ғана үлкен экранға шыққан, деп жазады sadaqmedia.

Бүгін мәжіліс отырысында “Respublica” партиясы фракциясының мүшесі Нұргүл Тау премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдап, кино мәселесін көтерді. Атап айтсақ, депутат кино саласындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы, елдегі кинотеатрлардың аздығы, кинопрокат мәселелері, дубляж, кинодағы сөз мәдениеті, мультфильмдер және киноға бөлініп жатқан бюджет қаражаты туралы мәселе көтерді. 

Соның ішінде депутат 2019-2022 жылдары республикалық бюджеттен кино түсіруге қанша қаражат бөлінгенін және ол қаражатқа қанша кино түсірілгенін айтты.

“Ресми деректерге сәйкес 2019 – 2022 жылдар аралығында Республикалық бюджеттен 17,4 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған 83 қазақстандық фильм түсіріліп, олардың ішінде тек қана 18 фильм үлкен экранға шыққан. Аталған фильмдер ұлттық кинопрокатта небәрі 695 млн теңге жинаған”,-дейді Нұргүл Тау.

Депутат жеке тұлғалардың өз қаражаттары есебінен түсірілген бір фильм кинопрокатта 1 млрд теңгеге жуық қаржы жинағанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow