Астаналықтар қаржы пирамидасына 168 млн теңгесін салып жіберген

Қараша 7, 2023 - 15:45
Қараша 10, 2023 - 00:42
Астаналықтар қаржы пирамидасына 168 млн теңгесін салып жіберген

Астана тұрғындары «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical»  қаржы пирамидасына 168 млн теңгеден астам «инвестиция» құйған, деп хабарлайды sadaqmedia.

Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қалалық департаменті «Chia Tai Tianqing Pharmaceutical» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 

«Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен», - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. 

Алайда, бұл компания қаржы пирамидасы болып шыққан. Барлығы 101 адам пирамидаға 168,5 млн теңге құйған. Қазір компания басшысы қамауға алынған.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow