Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз тірідей жанып кетті
"Мой город" порталының хабарлауынша, аулада ВАЗ көлігі өздігінен өртенді. Қайғылы оқиға көрші үйдегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
"Көліктің салонында 10 жастағы қыз болған, ол қаза тапты. Оқиға кезінде ата-анасы үйде болған. Өрттің себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?