Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті

Су тасқыны қаупі сейілмеуіне байланысты аудандық жедел штаб шешімімен 6 мамырдан бастап барлық бөбекжай-бақшалардың жұмысы тоқталылған.

Мамыр 6, 2024 - 10:00
Мамыр 6, 2024 - 10:01
Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті

Төтенше жағдай бойынша жедел штаб Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет жариялады. 

Жайық өзеніндегі су деңгейі былайша өзгерді:

Индербор ауылы + 15 см, су деңгейі – 867 см, қауіпті деңгейі – 845 см;
Махамбет ауылы + 7 см, су деңгейі – 853 см, қауіпті деңгейі – 850 см; 
Атырау қаласы + 4 см, су деңгейі – 493 см, қауіпті деңгейі – 550 см. 
Жаңаталап ауылы + 3 см, су деңгейі – 352 см, қауіпті деңгейі – 500 см;
 Еркінқала ауылы + 3 см, су деңгейі – 312 см, қауіпті деңгейі – 450 см. 
Сонымен қатар жедел штаб Махамбет ауданында барлық балабақша жұмысын тоқтатқанын хабарлады. 

“Махамбат ауданы бойынша су тасқыны қаупі сейілмеуіне байланысты аудандық жедел штаб шешімімен 6 мамырдан бастап барлық бөбекжай-бақшалардың жұмысы тоқталылғанын хабарлаймыз”, – деп жазды Махамбат ауданының ТЖ бойынша жедел штабы. 

Бұған дейін Атырау облысының жедел штабы соңғы тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 5-тен 25 см-ге дейін көтерілгені хабарланған.

Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағынан ағып жатқан судың салдарынан су деңгейі өзгерді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow