Ақтөбе тұрғындары көшеде балық қуып жүр
Ақпаратқа сүйенсек, әуежай аймағынан қалаға су жіберілген.
Ақтөбе көшелерінде балықты қармақпен емес, қолмен ұстауға болады. Бұл туралы журналист Козачков телеграм арнасында жазып, видео жариялады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Ақпаратқа сүйенсек, әуежай аймағынан қалаға су жіберілген. Сазды өзені арнасынан асып, көпірлер мен жолдарды су басқан. Ал көліктер суда тұрып қалған.
Жарияланған видеода тұрғынның көшедегі судан балық ұстап алғанын байқауға болады.
Еске салсақ, Ақтөбе облысындағы еріген су жолдар мен көпірлерді басып, үйлерге де кіре бастаған боолатын. Облыстағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгелері су тасқынынан түгел зардап шеккен. Үй-жайын тасқын су басқан Қобда ауданындағы Қанай, Шалқар ауданындағы Бүйректөбе, Мұғалжар ауданындағы Жағабұлақ ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Ақтөбе әкімдігі облыс орталығындағы үш мектептің ғимаратына су кіргенін хабарлады. Әзірше тасқыннан бүлінген тұрғын үйлер мен ғимараттар саны туралы толыққанды мәлімет жоқ.
27 наурыз Ақтөбе әуежайы сыртқы және ішкі рейстерді қабылдауды тоқтатқан болатын. Себебі әуежайдың ұшып-қону жолағын тасқын су басқан.
Әуежай әкімшілігі бастапқыда ұшу жолағы кешкі беске дейін тазартылады деп хабарлаған болатын. Кейін әуежайдың сағат 21.00-ге дейін жабылғаныны белгілі болды.
Бүгін, 28 наурыз Ақтөбе әуежайы жұмысын қайта басталды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығынын есептейтін комиссия құрылатынын облыс әкімі Асхат Шахаров мәлімдеген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?