Жұманғарин Путиннің Қазақстанға сапары жайлы сұраққа жауап берді

Қараша 7, 2023 - 14:26
Қараша 7, 2023 - 16:01
Жұманғарин Путиннің Қазақстанға сапары жайлы сұраққа жауап берді

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапары аясында екі ел президенттерінің келіссөздерін өткізу жоспарланып отыр, оның барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды sadaqmedia.


Журналистер премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннен "Украинаға басып кірген елдің президенті Путиннің келуі аясында Қазақстанда тәртіпсіздіктер туындауы мүмкін деген алаңдаушылық бар ма?" деп сұрады.


"Жоқ, менде ондай алаңдаушылық жоқ. Неге қорқуымыз керек? Ол  бізді достық пен тату көршілік қатынастар байланыстыратын мемлекеттің көшбасшысы. Оның ішінде сауда-экономикалық қатынастар бар. Форумда біз ең алдымен елдеріміздің тұрғындары үшін шешілуі тиіс мәселелерді талқылаймыз. Жиын ауыл шаруашылығына арналады. Мұнда қандай саясат болуы мүмкін? Сарапшылар, өңірлердің басшылары келіп, сауда-экономикалық келісімдерге қол қойылады. Алдымен экономика, содан кейін саясат. Ресей Федерациясымен тауар айналымымыз 27 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow