Назарбаевтың «ешкім қол сұға алмайтын» кепілдігі сақталды – Әділет министрі

Қараша 7, 2023 - 12:22
Назарбаевтың «ешкім қол сұға алмайтын» кепілдігі сақталды – Әділет министрі
Сурет: Piroschka Van De Wouw / Reuters

Әділет министрі Азамат Есқараев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасында қандай заңдық кепілдіктері қалғанын айтты, деп хабарлайды sadaqmedia

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер әділет министрінен «Назарбаев пен оның отбасында қандай құқықтық артықшылықтар» қалғанын сұрады. 

«Оның (бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың - агенттік) құқығына ешкім қол сұға алмайтын кепілдігі, көлікпен қамтамасыз ету құқығы сақталды. Ол үймен қамтамасыз етіледі», - деп жауап берді.

Айта кетейік, бұрын парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы» туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күші жою» туралы заңды қабылдаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow