Смайылов диқандардың несиелеріне қатысты тапсырма берді

Қараша 7, 2023 - 10:52
Смайылов диқандардың несиелеріне қатысты тапсырма берді

Биыл Қазақстанның егін алқаптарынан жиналған бидайдың 40 пайызы жарамсыз күйде. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.

«Биыл   еліміздің егіншілері үшін   өте қиын жыл болды.Жаздың аптап ыстығы мен құрғақшылықтан   алқаптағы егін   қатты зардап шекті.  Содан кейін   тамыздан бастап осы күнге дейін   үздіксіз жауған жауын-шашын   астықтың сапасы мен түсімін   төмендетіп жіберді. Қолайсыз ауа-райы   диқанға да,   техникаға да қолбайлау болды. Элеваторларға түскен бидайдың   40пайызға жуығы   ешқандай класқа жатпайды», - деп мәлім етті ол.

Алайда, өткен жылдан қалған қорды ескере келе премьер-министр қазақстандықтар   биыл   наннан тарықпайтынын және ішкі өнім толық жабылатынын айтты.

«Біздің фермерлерге   мемлекет тарапынан   қажетті қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда,   әділ сатып алу бағасы белгіленді. Айыппұл санкцияларын қолданбай,   несиелер мен қарыздарды   қайтару мерзімдері ұзартылды», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow