Астанаға Гурбангулы Бердімұхамедов келді
Астанаға Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов келді, деп хабарлайды sadaqmedia.
ҚазАқпарат хабарлағандай, ол бүгін Астанада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне бақылаушы елдің өкілі ретінде қатысады.
Бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан басшылары келген болатын.
Әуежайда Гурбангулы Бердімұхамедовті ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?