Талдықорғанда жігіт сүйген қызын кеңірдегінен пышақтап кеткен

Қараша 3, 2023 - 10:40
Қараша 10, 2023 - 00:47
Талдықорғанда жігіт сүйген қызын кеңірдегінен пышақтап кеткен
Сурет Сандуғаш Дүйсенованың парақшасынан алынды

27 қазан күні Талдықорған қаласында ер адам 28 жастағы Адина Қуанбекқызына тап беріп, оның кеңірдегін пышақтап кеткен, деп хабарлайды sadaqmedia «Орда» сайтына сілтеме жасай отырып.

Адина Қуанбекқызына жасалған шабуыл сауда үйінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған. «Орда» сайтының тілшісі хабарлап отырғандай, Адина Қуанбекқызы полицияға «мені өлтірмек болды» деп арыз жазғанымен, құқық қорғау органдары «бұзақылық» бабы бойынша ғана іс қозғаған.

«Сауда орталығындағы шаштараздың қызметкері Адинаға көмектеспек болған. Алайда, ер адам оны итеріп жіберген. Содан кейін қолына кеңсе пышағын алып, Адинаның мойнын тілгілей бастаған. Жәбірленуші бет-аузын қорғаған кезде, оның қолына да пышақ тиген. Күдікті оқиға орнына қашып кеткен», - деп жазады басылым.

Қансыраған Адина полиция мен жедел жәрдемге өзі қоңырау соққан. Жедел жәрдем қызды Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер оның мойны мен қолын тігіп берген.  Қазір Адинаның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

«Талдықорған қалалық полиция басқармасы «Денсаулыққа зиян тигізетін қаруды пайдалана отырып жасалған бұзақылық» деген баппен іс қозғаған. Адина ер адамды көктемнен бері танимын дейді. Бұған дейін бір рет ұрып-соққан. Кешірім сұраған соң, кешірген. Бірақ, кейін жігіті Адинаны жиі соққыға жыққан екен», - деп жазады "Орда" сайты. 

«Қазан айында сот маған жақындамау туралы үкім шығарған еді. Алайда, ол үкімді орындамады. Бұл жолы менің басымды шауып алмақ болды. Балаларым үшін өлтірмеші деп жалындым. Мүмкін содан шығар есін жыйып, кеңірдегімді бір-екі рет кесіп жіберді де кетіп қалды. Талдықорғанның полициясы болса, мені тыңдамай, оған қатысты бұзақылық бабымен іс қозғап отыр. Яғни, кеңсе пышағы суық қаруға жатпағандықтан, осы бап дейді. Сонда, мен өлсем ғана іс қозғала ма?»,- дейді Адина.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow