Елімізге Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді
Қазақстанға мемлекеттік сапармен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль келді
«Ақорда» резиденциясында Корея Республикасының Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Сіздің реакцияңыз қандай?