Ұлытау облысында кәсіпкермен «кездейсоқ танысқан» әйел 7 жылға сотталды
Ұлытау облысында кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды sadaqmedia.
Ішкі істер министрлігінің медиа порталы жазғандай, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында 36 жастағы кәсіпкер полицияға арыз түсірген. Өйткені, оны белгісіз адамдар пәтерге алдап шақырып, ұрып-соғып, ақша талап еткен.
«Жедел-іздестіру кезінде облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 43 және 27 жастағы екі ер адамды, сондай-ақ 31 жастағы әйелді ұстады. Тергеу барысында олардың алдын ала келісіп алғаны анықталды. Яғни, 31 жастағы әйел кәсіпкермен өтірік танысып, она пәтерге шақырған. Пәтерде жасырынып отырған екі ер адам беттерін бүркемелеп, кәсіпкерді байлап, зорлық-зомбылық көрсеткен және одан 20 млн теңге талап еткен. Жоспарларынан нәтиже шықпаған соң, бопсалаушылар жәбірленушінінің барсеткасынан 70 мың теңге алып, қылмыс орнынан қашып кеткен», - деп жазады дереккөз.
Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен ер адамдар 10 және 9 жылға бас бостандығынан айырылса, ал әйел адам 7 жылға сотталды.
Сіздің реакцияңыз қандай?