«15 жыл соттасып келеді». Назарбаев отбасының Испаниядағы мүлкі туралы не белгілі?

Экс-президенттің отбасы 8 жылдан аса уақыт бойы бұл жол үшін Льорет-де-Мар қаласының муниципалды билігімен соттасып келген. 

Наурыз 26, 2024 - 14:45
Наурыз 26, 2024 - 14:46
«15 жыл соттасып келеді». Назарбаев отбасының Испаниядағы мүлкі туралы не белгілі?
Фото: Massaget.kz

Каталонияның Жоғарғы соты Назарбаевтар отбасына олардың меншігі арқылы өтетін қоғамдық жолды ашуды бұйырды, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. lavanguardia басылымы былтыр бұл іске қатысты ақпарат таратқан. Онда Қазақстанның бұрынғы президентінің отбасы Жерорта теңізінің жағасындағы Can Juncadella мүлкіне иелік ететіні айтылған.

Экс-президенттің отбасы 8 жылдан аса уақыт бойы бұл жол үшін Льорет-де-Мар қаласының муниципалды билігімен соттасып келген. 

Басылым мәліметінше, 2009 жылы Назарбаевтар отбасы жолды бөгет пен қауіпсіздік бекеттері арқылы заңсыз жауып тастады. Артынша олар мылтық дауысымен жергілікті тұрғындарды қорқытпақ болған. Алайда тұрғындар қорықпай, бұрынғы президенттің отбасын сотқа берген. SOS Льорет экологиялық ұйым айтуынша, жол шайылып, тіпті жоғалып кеткен.

Іс жоғарғы сотқа дейін жетті.

Каталония Жоғарғы сотының шешіміне сәйкес, Назарбаев отбасы жолды қоғамдық пайдалану үшін ашуға міндетті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow