Елімізде жасанды интеллект комитеті құрылды
Цифрлық даму министрлігінде жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қазақстан үкіметі 27 сәуірдегі "ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетін құру жөнінде қаулы шығарды.
Жаңа комитет жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат, құқықтық реттеу, салааралық үйлестіру, жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту мәселелерімен айналысатын болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?