«Некесіз туған бала мүфти болады» - Нұрлан имам

Сенің өзіңнің де некеде туғаныңды бір Құдай біледі.

Наурыз 26, 2024 - 15:33
Наурыз 26, 2024 - 16:24
«Некесіз туған бала мүфти болады» - Нұрлан имам
Фото: turkistan.today

ТикТок әлеуметтік желісінде оқырмандарының сұрағына жауап берген Нұрлан имам некесіз туған балаға қатысты пікірін білдірді деп, - хабарлады sadaqmedia.kz ақпараттық сайты.

Нұрлан имамға сұрақ қойған оқырман «некесіз бала имамдыққа шыға ала ма?» деген сауал жолдаған.

«Некесіз туған бала мүфти де болады, президент те бола алады. Баланың ешқандай кінәсі жоқ. Ата-анасы жауап береді Алланың алдында. Қайдағы бір шолақ дүниені естіп алып, осындай сұрақ қоясыңдар. Сенің өзіңнің де некеде туғаныңды бір Құдай біледі. Егер ата-анаң сен тумай тұрып, қатты ұрсысып, әкең «кет» деп анаңа айтса, сен де некесіз туған болып қалуың мүмкін. Сондықтан ешкімді «некесіз туған» деп түртпектеуге болмайды»,- деп жауап берді.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow