«Кем дегенде үш алтын иеленуі керек еді»: Ислам Байрамуков Париж Олимпиадасына қатысқан спортшылар туралы айтты

Еркін күреске көңіл толмады, дейді ол.

Тамыз 13, 2024 - 14:05
Тамыз 13, 2024 - 16:27
«Кем дегенде үш алтын иеленуі керек еді»: Ислам Байрамуков Париж Олимпиадасына қатысқан спортшылар туралы айтты
фото: видеодан скриншот

Париж Олимпиадасынан кейін Sadaq media студиясында қонақ болған Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері, даңқты балуанымыз Ислам Байрамуков DURBI бағдарламасына сұхбат беріп, Қазақстан спортындағы проблемалар жайлы толғана сұхбат беріп, ел спортындағы саясат, ғылым, экономика және дін мәселесі жайлы айтты.

«Бізде бір мәселе жыл сайын министрді ауыстырады, тұрақтылық жоқ. Тым болмағанда төрт жыл қызмет етуі керек. Сонда ғана баға беруге болады. Осы соңғы министр келгелі біраз жұмыс түзелді», - дейді ол.

Оның айтуынша, Париж Олимпиадасында ел қоржынына кем дегенде үш алтын түсуі керек еді.

«Мен Елдос Сметовтен алтын күттім. Себебі ол екі Олимпиададан да медаль иеленді. Демеу Жадыраевтада бәрі жақсы болды. Тек бір сәтте сүрінгені болды. Еркін күреске көңіл толмады. Медаль болмағаннан кейін әрине көңіл толмайды. Адам барын салып күрессе көңіл толатын еді. Бұл Олимпиада деген таза майдан ел үшін, жер үшін өзін құрбан етуге дайын болуы керек. Мен жігіттерден ондай талыпыныс көрмедім», - дейді Ислам Байрамуков.

Оның сөзінше, қазір спортшыларға барлық жағдай жасалған.

«Біздің кезімізде жаттығу жасайтын спаринг серіктесімізде жоқ еді. Сол заманда Олимпиада ойындарына дайындалатын кезде «Қарғалы» деген демалыс орнының кинотеатрына кілемді төсеп, жаттығуымызды жасап, кейін өзіміз жинайтынбыз. Тіпті кілем арасы ашылып кетіп, балалар сүрініп құлап, аяғы қайырылып кеткен кездер де болды. Міне біз Олимпиада ойындарына осылай дайындалдық. Ол кезде оқу-жаттығу жиындарына барайық десек ақша жоқ. Сосын бес-алты спортшы болып, өзіміз дайындалатынбыз. Қазір заман талабына сай барлық жағдай жасалған. Алматы облысынан керемет спорт кешені салынды. Қазір қаржылық проблема жоқ. Барам деген жартысына барады», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow