«Қайыршы министр»: Алаяқтар Аида Балаеваның WhatsApp-ын бұзды

Бірер күнде қайтарам, 300 мың ақша керек еді.

Тамыз 26, 2024 - 15:43
Тамыз 26, 2024 - 15:48
«Қайыршы министр»: Алаяқтар Аида Балаеваның WhatsApp-ын бұзды

Алаяқтар қарапайым халықты қойып, лауазымды тұлғаларға ауыз сала бастады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігі министр Аида Балаеваның атынан WhatsApp мессенджерінде жалған ақпарат тарап жатқанын хабарлады7

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және осы арна арқылы таратылатын хабарламалар тікелей министрден емес екенін ескертеміз. Министрлік азаматтарды абай болуға және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады», - делінген хабарламада.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің атынан мәлімдемелер мен хабарламалар тек ресми байланыс арналары арқылы жарияланатыны ескертілген. 

WhatsApp желісін бұзған алаяқтар  көбіне қарызға ақша сұрап хабарлама жібереді. Осыған қарап алаяқтардың Аида Ғалымқызының таныстарынан қарызға ақша сұраған болуы мүмкін деп топшылауға болады.

Әдетте осындай жағдайға ұшырағандар көптен бері араласпай кеткен таныстарының күтпеген жерден байланысқа шығып, бірер күнде қайтарам деп 300-400 мың теңге көлемінде қарыз сұрайтынын айтып жатады. Тек өткен жылдың өзінде ғана осындай алаяқтардың әрекетінен 900-ден астам адам зардап шеккен.

Министрдің атынан хабарласқан алаяқтардың нақты қандай хабарлама жібергені әрі қанша адамға хабарласқаны нақтыланбады. Сол секілді қанша көлемде қарыз сұрағаны да айтылмады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow