Назарбаев мектептеріне тексеріс жүргізіледі

Аудиторлық тексерудің қорытындысы Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Мамыр 4, 2024 - 11:18
Мамыр 4, 2024 - 11:19
Назарбаев мектептеріне тексеріс жүргізіледі

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» бюджетін тексеретін болды. Бұл туралы Жоғарғы аудиторлық палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Палатаның мәліметінше аудиторлар Назарбаев мектептерінің 2019-2023 жылдары аралығындағы бюджетінің тиімділігін, республика бойынша орта білім беру жүйесін дамытуға тигізген әсерін тексермек.

Жоғары аудиторлық палата «Назарбаев Зияткерлік мектептері», Қазақстандағы төрт облыстың бюджеті, сондай-ақ ӘМСҚ, салық және кеден жүйелерінің тиімділігін тексерді. Жоғары аудиторлық палата 2019-2023 жылдары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымына бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізуді аяқтауда. Атап айтқанда, аудит барысында НЗМ-нің республиканың орта білім беру жүйесін дамытуға әсері талданды, - деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Аудиторлық тексерудің қорытындысы мен Жоғары аудиторлық палатаның тиісті нұсқамалары президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарына ұсынылмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow