«Қызын байға бердің, ұлын бөлек шығардың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан шаршағанын айтып, жылап қалды

Қараша 6, 2024 - 11:22
Қараша 6, 2024 - 12:26
«Қызын байға бердің, ұлын бөлек шығардың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан шаршағанын айтып, жылап қалды

Жақында әнші Абай Бегейдің 16 жасар қызы Сымбат тұрмыс құрған еді. Кейін 22 жастағы ұлы Жалғас пен келіншегі бөлек пәтерге көшті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әншінің әйелі, блогер Фариза Жұманова ел алдында жан сырын ақтарып, жылап қалды.

Тағы оқыңыз: «Өз анасы болғанда бұлай жасамас еді»: Өгей қызын 16 жасында тұрмысқа берген Абай Бегейдің әйелі елден сөз естіді

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанына көпшілік оның әйелінің діни көзқарасын айтып, кінәлаған еді. Жақында әншінің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шықты. Осы жағдайға да туысқандары әйелін кінәлаған. Фариза жеке парақшасында жылап, жан сырын ақтарды. 

"Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. “Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың” деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын", – деп жазды Фариза Жұманова. 

Тағы оқыңыз: «Балаларымыз намаз оқымаса, бізге минус». Желі қолданушылары Абай Бегейдің әйелі теріс ағымда екенін жарыса жазуда (ВИДЕО)

Еске салайық, блогер әншіге тұрмысқа шығарда оның қыздарының да қарсы болғанын жасырмаған еді.

“Қыздар екі жылдай менімен сөйлескен жоқ. Әкелерін қызғанып, маған да реніштері болды. Қазіргідей қарым-қатынас құру үшін көп уақыт керек екен. Әркімнің өз анасы бар. Мені “Апа” деп атады”, – деген еді блогер келіншек. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow