Әлеуметтік желіде қыз балаларға "сүндет той" жасағандар қызу талқыға түсті. Оқырмандардың көпшілігі бұрыннан бар салт екенін айтуда, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Желіде тараған видеоға «Баласына бір той жасап бере алмай, Өтіп кетті өмірден қанша адам», деген ән қойылған.
Видеода үш қыз баланы таққа отырғызып, қонақтардың «сүндет той» деп жазылған қоржынға ақша жинап жатқаны байқалады. Қызу талқыға түскен видеоға халық түрлі пікірлерін жарыса жазды:
«Қыздарды отырғызып қойып, сүндет той дегені калай кетті», «Сүндеті нес?!», «Адамдар азған заман болды. Не деген масқара, құрсын, қыздары жалмаңдап ақша жинап, сұмдық, ұят», десті олар.
Айта кетейік, бұл тойдың қай жақта болғаны туралы нақты ақпарат жоқ. Тойға келген қауымның беріп жатқан ақшасы теңге еместігі көрініп тұр.