«Өзіне ғана бұйырсын»: Абай Бегейдің қызына берілген қалың малдың көлемі белгілі болды

Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық.

Қазан 15, 2024 - 14:49
Қазан 15, 2024 - 14:54
«Өзіне ғана бұйырсын»: Абай Бегейдің қызына берілген қалың малдың көлемі белгілі болды
фото: әлеуметтік желіден

16 жасында тұрмысқа шыққан әнші Абай Бегейдің қызы Сымбатқа берілген қалың мал сомасы белгілі болды. Жігіттің жеңгесі «Ел қатарлы бердік» деп нақты сумманы жасырмақ болғанымен, Сымбаттың жеңгесі жария етіп қойды.

«Құдаларымызға, Алла разы болсын. Ешкімнен артық та, кем де қылмай 3 миллион теңге әкелді», – деп жазды блогер келіншек.

Сондай-ақ Абай Бегейдің келіні Бәдинұр желідегі парақшасында қайын сіңілісінің жасауына 40 млн теңге жұмсалғанын жазды.

 «Бәріне қызық болып жатқан бір сұрақ бар: Сымбаттың жасауына қатысты екен. Қызымызға әкесі-анасы, әжесі мен әпкелері болып аянбай бердік. Үйлену тойындағы сыйлаған көлікті есептемегенде 40 миллион теңгедей кетті. Өзіне ғана бұйырсын деп ең жақсысын алдық. Бастысы бақытты болсын», – деп жазды қыздың жеңгесі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow