Баланы ішекпен қылқындырған азаматтың ісі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде кішкентай баланы малдың ішегімен қылқындырып жатқан бейнежазба тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода азамат жер үстелдің жанында ойнап жүрген сәбидің артынан келіп, кенеттен мойнына ішек салады. Бала тұншығып, тілін шығарып, қайта-қайта лоқсып, кішкентай денесі бүкірейіп кетеді. Ал дастархан басында отырғандар ер адамның қылығын күле қабылдайды. Бір әйел адамның «жай қылқындыр» деген сөзі естіледі.
Желі қолданушылары бенежазбаға әртүрлі пікір қалдырған. Кейбірі бұл әрекетті «баланың тілі ерте шығу мақсатында жасайтын ырым» деп атаса, кейбірі сәбиді маманға көрсетуге кеңес берген.
Сіздің реакцияңыз қандай?