Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор

Оған 3 адам кемі 15 рет «жедел-жәрдем шақыр» деп айтқан.

Мамыр 2, 2024 - 14:39
Мамыр 2, 2024 - 15:34
Бишімбаев пен Байжанов Нүкенованың денесін жасырмақ болған – прокурор
Фото: Жоғарғы сот

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сотта Бишімбаевтың Нүкенованы 10 сағаттан астам уақыт бойы азаптап, аса қатігездікпен өлтіргенін айтты, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Қатігездіктің шегі мынада, Салтанат өлім мен өмірдің ортасында жатқанда, ол жайбарақат Насырбековамен кездесіп, басқа әйелдермен хат жазысып, жұмысқа қатысты тапсырмалар беріп, Байжановпен тамақтанып жүрді. Бұл Бишімбаевтың санасы сау болғанын көрсетеді, ол не істегенін жақсы білді. Оған 3 адам кемі 15 рет «жедел-жәрдем шақыр» деп айтқан. Бірақ тек Салтанат өлген соң ғана, жедел-жәрдем шақырылды», - деді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаев пен Байжановтың өлім айғақтарының бәрін жойып, Нүкенованың денесін жасырғысы келгенін айтты.

Оның сөзінше, сотталушылар Нүкенованың өлгенін біле тұра, оның телефонын «Фитнес-паласқа», одан ары үйге тасыған. Солай Нүкенованың ары-бері жүргенін көрсеткісі келген. Сонымен қатар, Байжанов мүсәтір спиртін Нүкенованың есін жидыру үшін әкелген жоқ, айғақтар жою үшін, VIP бөлмеде әр жерге жағылған қанды, саусақ іздерін сүрту үшін әкелген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow