«Екі миллион доллар»: президенттің күйеу баласының қол сағаты желіде дау тудырып жатыр
Ол мұндай қымбат сағатты қандай ақшаға алды? Егер оның бизнесі болса, салық төлеп отыр ма?
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың қолына таққан сағаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр
Мирзиеевтің күйеу баласы Өзбекстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарады. Умаровтың сағаты бар суретін блогер Санжар Ходжи жариялады.
Президенттң күйеу баласының таққан сағаты Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі. Оның құны 1,8-ден 2 миллион долларға дейін және коллекция саны шектеулі.
Блогер мемлекеттік қызметкерге мұндай қаражат қайдан келуі мүмкін деген таңданысын жеткізді. Сондай-ақ ол сағат құнының Өзбекстанның 32 мың тұрғынының зейнетақысына тең екенін атап өтті.
"Жалақысын қарапайым салық төлеушілер төлейтін мемлекеттік қызметкер Отабек Умаровтың сағатының құны 1 миллион 880 мың доллар. Бұл күнін әрең көріп отырған 32 932 зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы. Салық төлеушілердің жалақысына күн көретін мемлекеттік қызметкер мұндай сағатты қалай сатып алған?" – деді блогер Санжар Қожа.
Отабек Умаров 39 жаста. Ол Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиееваның жолдасы. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Stan.kz
Сіздің реакцияңыз қандай?