Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін

Мамыр 15, 2024 - 16:16
Мамыр 15, 2024 - 16:18
Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін

Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған мемлекеттік төңкеріс қаупі туралы ақпараттан кейін күштік құрылымдары басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Turkiye басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Анкара қауіпсіздік басқармасы бірқатар қызметкерді жұмыстан шығарды. Олар "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымымен байланыста болды деп айыпталды. Қызметтен босатылған полицейлердің үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

Президент кеңесшісі, ұлтшылдық қозғалыс партиясының (ХДР) төрағасы Девлет Бахчели Парламенттегі фракция отырысында болған оқиға Ердоғанды құлату үшін жасалған қастандықты көрсетуі мүмкін деп мәлімдеді.

2016 жылы Түркияда 16 шілдеге қараған түні қарулы төңкеріс әрекеті болған еді. Әскерилер Стамбул мен Анкараға танктер мен ұшақтарды енгізіп, бірқатар стратегиялық нысандарды бақылауға алған болатын. Алайда мыңдаған тұрғын бүлікшілерге наразылық білдіріп, қала көшелеріне шықты. Қақтығыс, атыс-шабыс басталып, тіпті парламент ғимаратына бомба тасталды. Нәтижесінде билік көтерілісті баса алды.

Ал биыл Ердоған партиясы оппозициядан ұтылған муниципалдық сайлаудан кейін наразылықтар тағы күшейді. Оған себеп - Вандағы сайлау қорытындыларының күшін жою болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow