Мәслихат депутаттарына жәрдемақы төленеді

Мәслихат депутаттарының еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғауды күшейту жоспарлануда.

Мамыр 8, 2024 - 11:47
Мамыр 8, 2024 - 11:47
Мәслихат депутаттарына жәрдемақы төленеді

Елімізде тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихат депутаттарының еңбек жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғауды күшейту жоспарлануда, деді Премьер-Министр Олжас Бектенов «Ақ жол» партиясы мәжілісмендерінің сауалына берген жауабында.

Депутаттар өз сауалында әкімдіктер іс жүзінде мәслихаттарда толық үстемдік ететінін, сондықтан нақты билік атқарушы органдарға тиесілі екенін атап өтті. Олардың пікірінше, әкімнің халық сайлаған депутаттық корпусқа бұлайша үстемдігі демократия қағидаттарына сәйкес келмейді.

«Мәслихат таратылған жағдайда депутаттың өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ай сайынғы төлемдерді көздейтін норма ұсынылады» делінген жауапта.

Оның айтуынша, штаттан тыс қызметкерлердің санын қысқарту арқылы мәслихаттар штатын кеңейту де ұсынылып отыр. Түзетулер үкіметтің норма шығару жұмысының бір бөлігі ретінде қолға алынып, биыл парламентке ұсынылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow