АҚШ сенаторы Израиль-Палестина соғысын тоқтату үшін ядролық қару қолдануға шақырды
ХАМАС өкілдері Грэмнің бұл мәлімдемесін «таңқаларлық» деп атап, оны «геноцидтік соғыстың сыбайласы» деп атады.
АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Израиль-Палестина арасындағы соғысты тоқтату үшін ядролық қару қолдануға шақырды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол NBC News арнасына берген сұхбатында айтты. Сұхбатында ол Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы АҚШ-тың Жапонияға жасаған ядролық соққысын сөз еткен.
«Біз Перл-Харбордан кейін расын айту керек халық ретінде жойылуға шақ қалдық. Бұл қиындықтан шығу үшін Хиросима мен Нагасакиге ядролық бомба тастадық. Бұл дұрыс шешім болды. Соғысты аяқтадық. Израиль-Палестина соғысында мұны неге жасамасқа. Еврей халқы жеке ел ретінде аман қалу үшін бәрін жасау», - деді сенатор Израиль үкіметіне бағыттап.
ХАМАС өкілдері Грэмнің бұл мәлімдемесін «таңқаларлық» деп атап, оны «геноцидтік соғыстың сыбайласы» деп атады.
Сіздің реакцияңыз қандай?